Договор

АҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ОФЕРТА ШАРТЫ

Шымкент қаласы. «10» Желтоқсан 2023 жыл

Осы шарт жеке тұлғаларға бағытталған, (әрі қарай - «Тапсырыс беруші»). Сайтты «edu-aimanlogoped.kz» ұсынады (әрі қарай - «Орындаушы»). Тапсырыс беруші мен Орындаушы осы шарттың (әрі қарай - «Шарт») төмендегі талаптарын қабылдай отырып жасасты:

ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Осы жария оферта шартында төменде көрсетілген ұғымдар келесі мағынада қолданылады:

Оферта – жеке және заңды тұлғаларға онлайн, ақылы білім беру қызметін көрсету туралы Орындаушымен жария оферта шартын жасасу жөнінде ұсыныс.

Офертаның акцепті – Тапсырыс берушінің Орындаушының көрсететін қызметіне жүгінуі арқылы Офертаны толық және сөзсіз қабылдауы. Офертаның акцепті Тараптар арасында Оферта шартының жасалғанын білдіреді.

Қызметтің прейскуранты (прайс-лист) – Орындаушы көрсететін қызметтердің тиісті түрде, бағасын көрсете отырып Сайтта жариялаған жүйелі тізбесі.

Оқу – бейнесабақ, тест және өзге де материалдардан құралған оқуға арналған сабақтар.

Тіркеу – Тапсырыс берушінің Сайтта орналасқан тіркеу формасын толтыру және жөнелтуге қатысты әрекеттері, Орындаушының Тапсырыс берушіні тіркеуге қатысты ешқандай наразылығы болмаса Тапсырыс берушіге Сайтқа кіруге логин мен құпиясөз беріліп, аккаунт ашылады.

Сайт – Онлайн-курстарды орналастыруға арналған, интернет желісінде келесі мекен жай бойынша « edu-aimanlogoped.kz » орналастырылған, ақпараттық ресурс.

Онлайн-курс – Орындаушымен құрастырылып, Сайтта орналастырылған және Орындаушымен онлайн оқытуды қолдану арқылы жүзеге асырылатын «Focus» атты курс.

Коммуникациялық сервистер – Онлайн-курсқа қатысушылар өзара байланысатын немесе лездік хабарламалар алмасуды қамтамасыз ететін WhatsApp Business API (Вотсап, Воцап немесе Ватсап), Telegram (Телеграмм), Viber (Вайбер), Facebook (Фейсбук), VKontakte (ВКонтакте), Skype (Скайп), Odnoklassniki (Одноклассники), Yandex (Яндекс), WeChat (ВиЧат) сияқты сервистер.

Осы Офертаның мəтіні Интернет желісінде мына мекен жай бойынша орналастырылған: edu-aimanlogoped.kz

1.НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

  • Шарттың мəтіні жария оферта болып табылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 395 бабының, 5-тармағына сәйкес жария оферта - бұл ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетілген жағдайларда шарт жасасу еркі көрінетін, шарттың барлық елеулі ережелері бар ұсыныс. Офертаның акцепті - онлайн сервисті қолдану (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 396 бабына сəйкес). Акцепт - бұл оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы. Акцепт толық әрі бұлтарыссыз болуға тиіс. Осы жария оферта шартының акцепті бойынша іс-қимыл жасай отырып, Тапсырыс беруші өзінің құқық және әрекет қабілеттілігін, сондай-ақ Орындаушымен шарттық қатынасқа түсуіне заңдық құқығы бар екенін растайды. Шартты жасасудың толық әрі бұлтарыссыз келісімі (әрі қарай - Акцепт) болып edu-aimanlogoped.kz қызметтеріне төлем жасау және/немесе Орындаушының ұсыну шарттарын қабылдау болып табылады.

2.ШАРТТЫҢ МƏНІ

  • Осы Шарттың мәні бойынша Орындаушы ағымдағы Прейскурант пен осы Оферта шартының талаптарына сәйкес edu-aimanlogoped.kz қосымшасында Тапсырыс берушіге авторлық құқықпен қорғалатын «Сөйле балақай» курстарын оқыту бойынша қызмет көрсетуге, ал Тапсырыс беруші осы қызмет үшін ақша төлеуге міндетті болып табылады.

3.ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  • Орындаушының құқықтары:
  • Орындаушы Тапсырыс берушінің алдын-ала келісімінсіз кез келген уақытта, біржақты тәртіппен қызметтердің Прейкурантын және осы жария Офертаның шарттарын өзгертуге құқылы, сонымен бірге өзгертілген шарттарды Интернет желісіндегі мына мекен жайда edu-aimanlogoped.kz жариялауды қамтамасыз етеді. Өзгертілген шарттар жарияланған сәттен бастап күшіне енеді;
  • Онлайн-курс бойынша білім беру үдерісін өздігінен жүргізуге, баға беру жүйесін (соның ішінде, Тапсырыс берушінің Онлайн-курсты игеру үдерісі кезінде), аралық және қорытынды аттестациялардың формасын, тәртібін және кезеңдерін, Онлайн-курсты игеру мерзімін таңдауға және өзгертуге.
  • Оқу аяқталғаннан кейін Тапсырыс берушімен біржақты шарты бұзуға, сондай-ақ Тапсырыс беруші Шарттың қандай-да бір талаптарын бұзған жағдайда қызмет толығымен атқарылмай тұрып біржақты шартты бұзуға құқылы. Тапсырыс берушіні шартты бұзу жайлы хабарлама тапсырылған күннен бастап Шарт бұзылған болып есептеледі. Осы тармақта көрсетілген негіздемелер бойынша Шарт бұзылған кезде Тапсырыс берушіге қызметтер құны қайтарылмайды.

  • Орындаушының міндеттері:

  • Тараптар келіскен мерзімде осы Офертаның шарттарын сәйкес Тапсырыс берушіге тиісті ретпен қызмет көрсету;
  • Осы Офертаны орындауға байланысты Тапсырыс беруші ұсынған құпия ақпарат пен мәліметтерді жарияламау;
  • Сайтта Онлайн-курсқа қатысты өзекті ақпаратты, соның ішінде Онлайн курстың мазмұны, көлемі, құны және оқу мерзімі бойынша ақпаратты орналастыру;
  • Шарттың талаптарын сақтаған жағдайда Тапсырыс берушіге қызмет көрсетуге;
  • Тапсырыс берушіге оның Онлайн-курсты игеруіне барлық қажетті жағдайларды жасау;
  • Тапсырыс беруші барлық сабақтарды өтіп, тапсырмаларды орындаған жағдайда Онлай-курстан 100 (жүз) пайыз нәтиже шығаруға кепілдік беру.

  • Тапсырыс берушінің құқықтары:

  • Осы Офертаның шарттарына сәйкес Орындаушыдан қызметтердің уақытылы және толық көлемде көрсетілуін талап етуге құқылы.

  • Тапсырыс берушінің міндеттері:

  • Осы Оферта мен қызметтер Прейскурантында қарастырылған тәртіпте, мерзімде және мөлшерде Орындаушыға көрсетілетін қызметтері үшін төлемді уақытылы және толық жасау;
    • edu-aimanlogoped.kz қосымшасындағы Тіркеу кезінде өзіңіз туралы расталған, толық және нақты ақпаратты көрсету;
    • Осы Офертаны орындауға байланысты Орындаушы берген ақпарат пен басқа да мәліметтерді жария етпеу, соның ішінде Орындаушының жазбаша келісімісіз Оқу материалдарын қандай да бір үшінші тұлғаларға жария етпеу, жария ету арқылы пайда таппау немесе үшінші тұлғаға пайда тапқызбау;
    • Орындаушы ұсынған сабақтарды оқып біткеннен кейні, «Сабақты аяқтау» батырмасын басу арқылы аяқтау;
    • Қызметтерді көрсету мерзімінің басталуын өздігінен қадағалау, оқу жоспарына сәйкес Онлайн-курс бағдарламасын толық көлемде игеру, соның ішінде Орындаушы бекіткен оқу жүктемелері мен өзіндік тапсырмаларды орындау;
    • Тіркеу кезінде берілген логин мен құпиясөзді үшінші тұлғаларға бермеу;
    • Логин мен құпиясөзді бұзу әрекеттері арқылы Сайттағы басқа аккаунттарға кіруге бағытталған іс-әрекеттерді жасамау;
    • Коммуникациялық сервистерде дөрекі сөздер мен сондай мағынаға ие хабарламаларды жарияламауға, сондай-ақ келесідей әрекеттерге жол бермеуге:
  • өшпенділікті насихаттайтын, нәсілдік, этникалық, жыныстық, діни және әлеуметтік белгілері бойынша кемсітетін;
  • басқа қолданушыларды және (немесе) үшінші тұлғаларды балағаттайтын, олардың ары мен абыройына, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін;
  • дербес деректер заңнамасын бұзатын;
  • Өз жұмыс орнын 10 Мбит/с кем емес жылдамдықтағы Интернет желісіне қосу, және Онлайн-курс сипаттамасында көрсетілген талаптарға сай дербес компьютер немесе басқа құрылғымен өздігімен ұйымдастыру

4.ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТƏРТІБІ

  • Тапсырыс беруші Орындаушы жариялаған ағымдағы Қызметтің прейскурантына сәйкес өзіне қажетті Курс түрін өздігінен анықтап және осы Шарттың 6 Бөліміне сәйкес төлем жасайды.
  • Орындаушы Тапсырыс беруші берген мәліметтерді тексереді және Орындаушының есеп шотына ақшалай қаражат түскеннен кейін, бірақ төлем жасағаны туралы төлем құжатының көшірмесін ұсынғаннан кейін, Орындаушы жеке кабинетке қолжетімділікті ашып, Тапсырыс беруші оқуды бастайды.
  • Тапсырыс беруші төлемді растайтын құжаттарды ұсынып, бірақ ақшалай қаражат қандай да бір себептермен Орындаушының есеп шотына түспеген болса, онда Орындаушы бұл туралы Тапсырыс берушіге хабарлайды және осы шарт бойынша қызмет көрсетпеуге құқылы.
  • Орындаушының кінәсі бойынша өткізілмеген сабақтар еш жоғалтусыз сол тарификациямен басқа уақытқа ауыстырылады.

5.ШАРТТЫҢ БАҒАСЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

  • Қызметтер құны бекітілген бағалар - қызметтер Прейскуранты, прайс-лист бойынша есептеледі және төлем жасауға арналған сервис арқылы Тапсырыс берушіге ақша аударылып, түбіртекпен бекітіледі.
  • Осы Шартқа сәйкес төлем қызмет көрсетілгенге дейін 100 % мөлшерде, Онлайн-курстың басталуына 1 (бір) күн бұрын жасалады.
  • Ақшалай қаражатты аудару міндеттемелерінің орындалу күні болып ақшалай қаражаттың Орындаушының есеп шотына немесе кассасына түскен күні есептеледі.
  • Орындаушы Тапсырыс берушінің жазбаша талабы бойынша шарт жасасқан күннен бастап 14 (он төрт) күн ішінде, егер қызметтін төлену фактісін растайтын құжат сақталса:

5.4.1. Қызмет үшін төленген сомманың 50% шарттан шығу ақысы болып ұсталынады;

5.4.2. Қалған қызмет үшін төленген сомманың 50% Сатып алушыға қайтарылады.

6.ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

  • Осы шартың 3.4.3. тармақшасында көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда, Тапсырыс беруші Орындаушыға туындаған залалдың және айырылып қалған пайданың толық соммасын өтеуге міндеттенеді.
  • Осы шартың 3.4.5. немесе 3.4.8. тармақшасындағы көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші Орындаушыны Оқу қызметін атқаруға арналған Telegram сервисынадағы топтан алдын-ала ескертусіз шығаруға құқылы.
  • Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті деңгейде орындамағы үшін Тараптар ҚР қолданыстағы заңнамасы бойынша жауап береді.
  • Тараптар Шарттың талаптарын орындау үдерісінде пайда болған келіспеушіліктерді шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, келіссөздер арқылы шешіледі. Дау туындаған сәттен бастап Шағым 20 (жиырма) жұмыс күн ішінде жіберілуі керек. Шағымды қарау мерзімі – оны алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн.
  • Келіссөздер арқылы дауды шешуге қол жеткізілмеген жағдайда, келіспеушіліктер немесе талаптар Қазақстан Республикасының материалдық және іс жүргізу құқығына сәйкес тиісті сотта шешілуге жатады.

7. ШАРТТЫ ТОҚТАТУ НЕГІЗДЕРІ

  • Осы Шарт тараптардың келісімімен тоқтатылуы мүмкін. Бір Тараптың бастамасымен Шарт Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасында қарастырылған негіздер бойынша тоқтатылуы мүмкін.

8.ШАРТТЫҢ ƏРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ, ОНЫ ӨЗГЕРТУ МЕН ТОҚТАТУ ТƏРТІБІ

  • Орындаушының жария офертасын Тапсырыс беруші акцепті сәтінен бастап Шарт жасасқан болып есептеледі және Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет етеді.
  • Шарт Қазақстан Республикасы заңнамасы мен Шартта қарастырылған негіздер бойынша өзгертілуі немесе тоқтатылуы мүмкін.

9.ФОРС-МАЖОРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР

  • Егер Тараптар осы Шартты жасасқаннан кейін, форс-мажорлық мән-жайлардан немесе Тараптардың бақылауына тәуелді болмайтын жағдайлардың әсерінен жауапкершіліктерін орындай алмаса және оның сондай мән-жайлардан туындағанын дәлелдесе, Тараптар ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, өз міндеттемелерінің кез келгенін орындамағаны үшін жауап бермейді. Форс-мажорлық жағдайларға атап айтқанда, серверді бұғаттау, табиғи катаклизмдер, ереуілдер, өрт, су тасқыны, жарылыстар, соғыстар (жарияланған және жарияланбаған), бүліктер, апаттар, мемлекеттік органдар салатын шектеулер, төтенше жағдай, карантин жатады. Аталған мән-жайлар осы Шартты орындауға тікелей әсер етуі мүмкін.
  • Форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы Шарт бойынша міндеттемелерді орында алмаған Тарап жоғарыда көрсетілген жағдайлардың пайда болуы туралы екінші Тарапқа жазбаша түрде күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабарлауға тиіс.
  • Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін тараптарға талап етілетін уақыт аталған жағдайларға байланысты кез келген мерзімге ұзартылады

Келісім шартты мұқият оқып, танысып, пікір бөліміне "КЕЛІСЕМІН" деп жазыңыз. Менеджер сіздің жауабыңызды қабылдағаннан кейін сізге сабақтарға доступ ашылады.
Made on
Tilda