Договор
АҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ОФЕРТА ШАРТЫ
Шымкент қ. «25» қыркүйек 2022 жыл
Осы шарт жеке тұлғаларға бағытталған, (əрі қарай - «Тапсырыс беруші»).
Сайтты «aimanadilbekkyzy.online » ұсынады (əрі қарай - «Орындаушы»).
Тапсырыс беруші мен Орындаушы осы шарттың (əрі қарай - «Шарт») төмендегі талаптарын қабылдай отырып жасасты:
ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы жария оферта шартында төменде көрсетілген ұғымдар келесі мағынада қолданылады: Оферта – жеке жəне заңды тұлғаларға онлайн, ақылы білім беру қызметін көрсету туралы Орындаушымен жария оферта шартын жасасу жөнінде ұсыныс.
Офертаның акцепті – Тапсырыс берушінің Орындаушының көрсететін қызметіне жүгінуі арқылы Офертаны толық жəне сөзсіз қабылдауы. Офертаның акцепті Тараптар арасында Оферта шартының жасалғанын білдіреді. Қызметтің прейскуранты (прайс-лист) – Орындаушы көрсететін қызметтердің тиісті түрде, бағасын көрсете отырып Сайтта жариялаған жүйелі тізбесі. Оқу – бейнесабақ, тест жəне өзге де материалдардан құралған оқуға арналған сабақтар. Тіркеу – Тапсырыс берушінің Сайтта орналасқан тіркеу формасын толтыру жəне жөнелтуге қатысты əрекеттері, Орындаушының Тапсырыс берушіні тіркеуге қатысты ешқандай наразылығы болмаса Тапсырыс берушіге Сайтқа кіруге логин мен құпиясөз беріліп, аккаунт ашылады. Сайт – Онлайн-курстарды орналастыруға арналған, интернет желісінде келесі мекен жай бойынша « aimanadilbekkyzy.online » орналастырылған, ақпараттық ресурс. Онлайн-курс – Орындаушымен құрастырылып, Сайтта орналастырылған жəне Орындаушымен онлайн оқытуды қолдану арқылы жүзеге асырылатын «Focus» атты курс. Коммуникациялық сервистер – Онлайн-курсқа қатысушылар өзара байланысатын немесе лездік хабарламалар алмасуды қамтамасыз ететін WhatsApp Business API (Вотсап, Воцап немесе Ватсап), Telegram (Телеграмм), Viber (Вайбер), Facebook (Фейсбук), VKontakte (ВКонтакте), Skype (Скайп), Odnoklassniki (Одноклассники), Yandex (Яндекс), WeChat (ВиЧат) сияқты сервистер. Осы Офертаның мəтіні Интернет желісінде мына мекен жай бойынша орналастырылған: aimanadilbekkyzy.online
1.НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
• Шарттың мəтіні жария оферта болып табылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 395 бабының, 5-тармағына сəйкес жария оферта - бұл ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетілген жағдайларда шарт жасасу еркі көрінетін, шарттың барлық елеулі ережелері бар ұсыныс. Офертаның акцепті - онлайн сервисті қолдану (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 396 бабына сəйкес). Акцепт - бұл оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы. Акцепт толық əрі бұлтарыссыз болуға тиіс. Осы жария оферта шартының акцепті бойынша ісқимыл жасай отырып, Тапсырыс беруші өзінің құқық жəне əрекет қабілеттілігін, сондай-ақ Орындаушымен шарттық қатынасқа түсуіне заңдық құқығы бар екенін растайды. Шартты жасасудың толық əрі бұлтарыссыз келісімі (əрі қарай - Акцепт) болып aimanadilbekkyzy.online қызметтеріне төлем жасау жəне/немесе Орындаушының ұсыну шарттарын қабылдау болып табылады.
2.ШАРТТЫҢ МƏНІ
• Осы Шарттың мəні бойынша Орындаушы ағымдағы Прейскурант пен осы Оферта шартының талаптарына сəйкес aimanadilbekkyzy.online қосымшасында Тапсырыс берушіге авторлық құқықпен қорғалатын «Сөйле балақай» курстарын оқыту бойынша қызмет көрсетуге, ал Тапсырыс беруші осы қызмет үшін ақша төлеуге міндетті болып табылады.
3.ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
• Орындаушының құқықтары: o Орындаушы Тапсырыс берушінің алдын-ала келісімінсіз кез келген уақытта, біржақты тəртіппен қызметтердің Прейкурантын жəне осы жария Офертаның шарттарын өзгертуге құқылы, сонымен бірге өзгертілген шарттарды Интернет желісіндегі мына мекен жайда aimanadilbekkyzy.online жариялауды қамтамасыз етеді. Өзгертілген шарттар жарияланған сəттен бастап күшіне енеді; o Онлайн-курс бойынша білім беру үдерісін өздігінен жүргізуге, баға беру жүйесін (соның ішінде, Тапсырыс берушінің Онлайн-курсты игеру үдерісі кезінде), аралық жəне қорытынды аттестациялардың формасын, тəртібін жəне кезеңдерін, Онлайн-курсты игеру мерзімін таңдауға жəне өзгертуге. o Оқу аяқталғаннан кейін Тапсырыс берушімен біржақты шарты бұзуға, сондай-ақ Тапсырыс беруші Шарттың қандай-да бір талаптарын бұзған жағдайда қызмет толығымен атқарылмай тұрып біржақты шартты бұзуға құқылы. Тапсырыс берушіні шартты бұзу жайлы хабарлама тапсырылған күннен бастап Шарт бұзылған болып есептеледі. Осы тармақта көрсетілген негіздемелер бойынша Шарт бұзылған кезде Тапсырыс берушіге қызметтер құны қайтарылмайды.
• Орындаушының міндеттері: o Тараптар келіскен мерзімде осы Офертаның шарттарын сəйкес Тапсырыс берушіге тиісті ретпен қызмет көрсету; o Осы Офертаны орындауға байланысты Тапсырыс беруші ұсынған құпия ақпарат пен мəліметтерді жарияламау; o Сайтта Онлайн-курсқа қатысты өзекті ақпаратты, соның ішінде Онлайн курстың мазмұны, көлемі, құны жəне оқу мерзімі бойынша ақпаратты орналастыру; o Шарттың талаптарын сақтаған жағдайда Тапсырыс берушіге қызмет көрсетуге; o Тапсырыс берушіге оның Онлайн-курсты игеруіне барлық қажетті жағдайларды жасау; o Тапсырыс беруші барлық сабақтарды өтіп, тапсырмаларды орындаған жағдайда Онлай-курстан 100 (жүз) пайыз нəтиже шығаруға кепілдік беру.
• Тапсырыс берушінің құқықтары: o Осы Офертаның шарттарына сəйкес Орындаушыдан қызметтердің уақытылы жəне толық көлемде көрсетілуін талап етуге құқылы.
• Тапсырыс берушінің міндеттері: o Осы Оферта мен қызметтер Прейскурантында қарастырылған тəртіпте, мерзімде жəне мөлшерде Орындаушыға көрсетілетін қызметтері үшін төлемді уақытылы жəне толық жасау; o aimanadilbekkyzy.online қосымшасындағы Тіркеу кезінде өзіңіз туралы расталған, толық жəне нақты ақпаратты көрсету; o Осы Офертаны орындауға байланысты Орындаушы берген ақпарат пен басқа да мəліметтерді жария етпеу, соның ішінде Орындаушының жазбаша келісімісіз Оқу материалдарын қандай да бір үшінші тұлғаларға жария етпеу, жария ету арқылы пайда таппау немесе үшінші тұлғаға пайда тапқызбау; o Орындаушы ұсынған сабақтарды оқып біткеннен кейні, «Сабақты аяқтау» батырмасын басу арқылы аяқтау; o Қызметтерді көрсету мерзімінің басталуын өздігінен қадағалау, оқу жоспарына сəйкес Онлайн-курс бағдарламасын толық көлемде игеру, соның ішінде Орындаушы бекіткен оқу жүктемелері мен өзіндік тапсырмаларды орындау; o Тіркеу кезінде берілген логин мен құпиясөзді үшінші тұлғаларға бермеу; o Логин мен құпиясөзді бұзу əрекеттері арқылы Сайттағы басқа аккаунттарға кіруге бағытталған іс-əрекеттерді жасамау; o Коммуникациялық сервистерде дөрекі сөздер мен сондай мағынаға ие хабарламаларды жарияламауға, сондай-ақ келесідей əрекеттерге жол бермеуге:
• өшпенділікті насихаттайтын, нəсілдік, этникалық, жыныстық, діни жəне əлеуметтік белгілері бойынша кемсітетін;
• басқа қолданушыларды жəне (немесе) үшінші тұлғаларды балағаттайтын, олардың ары мен абыройына, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін;
• дербес деректер заңнамасын бұзатын; o Өз жұмыс орнын 10 Мбит/с кем емес жылдамдықтағы Интернет желісіне қосу, жəне Онлайн-курс сипаттамасында көрсетілген талаптарға сай дербес компьютер немесе басқа құрылғымен өздігімен ұйымдастыру.
4.ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТƏРТІБІ
• Тапсырыс беруші Орындаушы жариялаған ағымдағы Қызметтің прейскурантына сəйкес өзіне қажетті Курс түрін өздігінен анықтап жəне осы Шарттың 6 Бөліміне сəйкес төлем жасайды.
• Орындаушы Тапсырыс беруші берген мəліметтерді тексереді жəне Орындаушының есеп шотына ақшалай қаражат түскеннен кейін, бірақ төлем жасағаны туралы төлем құжатының көшірмесін ұсынғаннан кейін, Орындаушы жеке кабинетке қолжетімділікті ашып, Тапсырыс беруші оқуды бастайды.
• Тапсырыс беруші төлемді растайтын құжаттарды ұсынып, бірақ ақшалай қаражат қандай да бір себептермен Орындаушының есеп шотына түспеген болса, онда Орындаушы бұл туралы Тапсырыс берушіге хабарлайды жəне осы шарт бойынша қызмет көрсетпеуге құқылы.
• Орындаушының кінəсі бойынша өткізілмеген сабақтар еш жоғалтусыз сол тарификациямен басқа уақытқа ауыстырылады.
5.ШАРТТЫҢ БАҒАСЫ ЖƏНЕ ТӨЛЕУ ТƏРТІБІ
• Қызметтер құны бекітілген бағалар - қызметтер Прейскуранты, прайс-лист бойынша есептеледі жəне төлем жасауға арналған сервис арқылы Тапсырыс берушіге ақша аударылып, түбіртекпен бекітіледі.
• Осы Шартқа сəйкес төлем қызмет көрсетілгенге дейін 100 % мөлшерде, Онлайн-курстың басталуына 1 (бір) күн бұрын жасалады.
• Ақшалай қаражатты аудару міндеттемелерінің орындалу күні болып ақшалай қаражаттың Орындаушының есеп шотына немесе кассасына түскен күні есептеледі.
• Орындаушы Тапсырыс берушінің жазбаша талабы бойынша шарт жасасқан күннен бастап 14 (он төрт) күн ішінде, егер қызметтін төлену фактісін растайтын құжат сақталса: 5.4.1. Қызмет үшін төленген сомманың 30% шарттан шығу ақысы болып ұсталынады; 5.4.2. Қалған қызмет үшін төленген сомманың 70% Сатып алушыға қайтарылады.
6.ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
• Осы шартың 3.4.3. тармақшасында көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда, Тапсырыс беруші Орындаушыға туындаған залалдың жəне айырылып қалған пайданың толық соммасын өтеуге міндеттенеді.
• Осы шартың 3.4.5. немесе 3.4.8. тармақшасындағы көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші Орындаушыны Оқу қызметін атқаруға арналған Telegram сервисынадағы топтан алдын-ала ескертусіз шығаруға құқылы.
• Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті деңгейде орындамағы үшін Тараптар ҚР қолданыстағы заңнамасы бойынша жауап береді.
• Тараптар Шарттың талаптарын орындау үдерісінде пайда болған келіспеушіліктерді шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, келіссөздер арқылы шешіледі. Дау туындаған сəттен бастап Шағым 20 (жиырма) жұмыс күн ішінде жіберілуі керек. Шағымды қарау мерзімі – оны алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн.
• Келіссөздер арқылы дауды шешуге қол жеткізілмеген жағдайда, келіспеушіліктер немесе талаптар Қазақстан Республикасының материалдық жəне іс жүргізу құқығына сəйкес тиісті сотта шешілуге жатады.
7. ШАРТТЫ ТОҚТАТУ НЕГІЗДЕРІ
• Осы Шарт тараптардың келісімімен тоқтатылуы мүмкін. Бір Тараптың бастамасымен Шарт Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасында қарастырылған негіздер бойынша тоқтатылуы мүмкін.
8.ШАРТТЫҢ ƏРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ, ОНЫ ӨЗГЕРТУ МЕН ТОҚТАТУ ТƏРТІБІ
• Орындаушының жария офертасын Тапсырыс беруші акцепті сəтінен бастап Шарт жасасқан болып есептеледі жəне Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін əрекет етеді.
• Шарт Қазақстан Республикасы заңнамасы мен Шартта қарастырылған негіздер бойынша өзгертілуі немесе тоқтатылуы мүмкін.
9.ФОРС-МАЖОРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР
• Егер Тараптар осы Шартты жасасқаннан кейін, форс-мажорлық мəнжайлардан немесе Тараптардың бақылауына тəуелді болмайтын жағдайлардың əсерінен жауапкершіліктерін орындай алмаса жəне оның сондай мəн-жайлардан туындағанын дəлелдесе, Тараптар ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, өз міндеттемелерінің кез келгенін орындамағаны үшін жауап бермейді. Форс-мажорлық жағдайларға атап айтқанда, серверді бұғаттау, табиғи катаклизмдер, ереуілдер, өрт, су тасқыны, жарылыстар, соғыстар (жарияланған жəне жарияланбаған), бүліктер, апаттар, мемлекеттік органдар салатын шектеулер, төтенше жағдай, карантин жатады. Аталған мəн-жайлар осы Шартты орындауға тікелей əсер етуі мүмкін.
• Форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы Шарт бойынша міндеттемелерді орында алмаған Тарап жоғарыда көрсетілген жағдайлардың пайда болуы туралы екінші Тарапқа жазбаша түрде күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабарлауға тиіс.
• Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін тараптарға талап етілетін уақыт аталған жағдайларға байланысты кез келген мерзімге ұзартылады Келісім шартты мұқият оқып, танысып, пікір бөліміне "КЕЛІСЕМІН" деп жазыңыз. Менеджер сіздің жауабыңызды қабылдағаннан кейін сізге сабақтарға доступ ашылады.