Бизнес тренер, кәсіби коуч, практик-психолог. Сөйлеу өнерінің сарапшы маманы, «Ritorix» ораторлық орталығының негізін қалаушы.
ҚР 2019 жылдың Ең Үздік менторы
(Ақпараттық және қоғамдық Даму министрлігінің жариялаған конкурсы бойынша)
Ораторлық шеберлік саласында 14 жылдан бері сабақ беріп келе жатқан кәсіби маман.
Эриксон атындағы Халықаралық Коучинг академиясының түлегі (Канада)
Ресейдегі Психология Ілімдерінің Халықаралық Академиясын (МАПН) «Тренинг саласының маманы» және «Топтық динамика, топтық психология» саласы бойынша үздік бітірген.
International Coaches Union орталығынан сертификатталған кәсіби ментор.
«Әйелдерге арналған шағын және орта бизнес» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1 жылдық оқу бағдарламасына қатысып, бизнестегі менеджмент саласынан кәсіби білім алған.
«Іскерлік қарым-қатынастар» дағдысы бойынша Назарбаев Университетінде білім алып, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау орталығынан сертификатталған.
2019 жыл «Жастар жылы» қарсаңында жастармен өткізген менторлық сабақтары үшін «KAZBRANDS» қоғамдық қоры мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен арнайы марапатталып, алғыс хат алған.
2020 жылы «Еріктілер жылына» орай, ерікті жастарға өткен курстары мен менторлық бағдарламасы үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен арнайы марапатталып, алғыс хат алған.
Халықаралық коучинг апталығында ұйымдастырушылық және тренерлік жұмыстары ұшін Erikson International халықаралық коучинг орталығынан арнайы марапатталып, алғыс хат алған.
Тренинг саласында 2008 жылдан бері «Сөйлеу өнері», «Сату өнері» тақырыбында екі тілде еркін тренинг жүргізіп келе жатқан әмбебап маман.
Сөйлеу өнері бойынша танымал тұлғаларды, ірі компания басшылары мен жалпы басшылық қызметтегі кісілерді, бастаушы кәсіпкерлер мен ірі бизнесмендерді, қалалық, аудандық және облыстық мәслихат депутаттарын халық алдында еркін сөйлеуге, теледидарда сұхбат беруге, мемлекет басшылары мен жалпы жауапты жерлерде сенімді сөйлеуге даярлап жүрген сарапшы маман.
«Менің 2 сағаттық сабағымнан басқа жақтан өткен 5 күндік курстан көп мағлұмат ала аласыз». Гүлжанат Битанова.